Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы
Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, қанды жол, ауыр күндермен келген Тәуелсіздігімізге – 29 жыл, Желтоқсан оқиғасына – 34 жыл. Жыл сайын, 16-шы желтоқсан күні – біз бүкіл ел болып, тәуелсіздік күнін, сән-салтанатты іс-шарамен, мерекелік кештермен атап өтеміз. Алайда, 1986 жыл дәл осы 16-шы желтоқсанда қаншама жүрегі қазақ деп соққан бауырларымыздан айырылған күн екендігінде ұмытпағанымыз жөн. Бүгінгі күні, дәл сол мерекелік көңіл-күйдің әсерінен 1986 жылғы қаралы күн жадымыздан өшіріліп келе жатқандай. Әрбір жүрегі қазақ деп соққан адамға белгілі ғой, қазақ еліне Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Ал бүгінгі Тәуелсіздігіміздің жаншысының бірегейі осы – Желтоқсан оқиғасы емес пе? Дәл осы желтоқсанда империя бодандығына қарсы бұлқынған намысшыл жастардың арқасында қазіргі тәуелсіздігімізге қол жеткізіп отырмыз. Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен қанды желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғыруы тиіс.
1986 жылы 16 желтоқсан күні небәрі 18 минутта өткен Қазақстан КП Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ Г.Колбин тағайындалды. Қазақстанда бір күн де жұмыс істемеген және есімі де елге белгісіз Геннадий Колбиннің тағайындалуы көтерілістің негізгі себебі болса да, көтеріліске шығудың басқа да, бірнеше себептері бар еді. Атап айтсақ намысты қазақ жастарымыз, ұлттық даму деңгейінің тежелуіне, кеңестік салттың кеңінен дәріптелуіне, әміршіл-әкімшіл жүйенің күштеп басқаруына шыдай алмады. Болып жатқан окиғалардың әсері, қазақ жастарының козғалыс ашуына түрткі болды.
Ертесіне 17 желтоқсан күні сол кездегі Брежнев алаңына, лек-легімен ағылған қазақ жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына өз наразылықтарын білдірген еді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі деген ұрандармен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шыққан еді. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды ашық түрде талап етті. Жастардың барлығы өздерін толғандырып жүрген мәселелерді сол сәтте айтып қалуға тырысты. Алайда, жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан алшақ еді. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы, әр ұлтқа өз басшысын қою керек деген сөз жазылған тақтайлар ұстап жүрді.
Бірақ 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Брежнев алаңындағы қазақ жастарының толқуы қанды оқиғаға айналарын ешбір қазақ білмеді. Өкініштісі, жүректері қазақ деп соққан батыр ұл-қыздарымызға «Ұлтшыл» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынды. Жастарға көрсетілген азаптарды елестетсек, көзімізге жас келетіні анық. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылап қана қоймай, оларға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т.б. қарулар көмегімен басшылық демонстрацияны тоқтатып тынды. Қоғамдық тәртіп сақшылары өте үлкен өрескел қатыгездікке барды. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі мүлде қатал, әрі заңсыз жүргізілген еді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент қуылса, 787 адам комсомолдан шығарылды. Қазақ жастары жазықсыздан-жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды.
Міне биыл, осы қаралы Желтоқсан оқиғасына 34 жыл толады. Бұл оқиғаға қатысқандар тек, 1990 жылдардың бас кезінен бері ақтала бастады. Бүгінде осынау бас көтеруге «ұлтшылдық көрініс» деп берілген саяси бағаның қате тұжырым екені мойындалып, қазір Желтоқсан оқиғасы Кеңес Одағының құлауына пәрменді соққы берген алғашқы бас көтеру ретінде қарастырылады. Ал оқиғаның бел ортасында жүргендер қазақ жастары ресми үгіт-насихат барысында «Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрескендер» деп аталып жүр.
Желтоқсан эпопеясы кітабының авторы Мұхтар Шаханов бір сұхбатында: «Желтоқсан рухы шын мәнінде біздің ұлтымыздың рухани шыңдалуы. Сондықтан, біздің бүгінгі таңдағы басты міндет – Желтоқсан рухын қолдау, насихаттау», – деген екен. Сонымен осы сөздермен қорытындылай, біз Желтоқсан оқиғасын – 70 жылдық әміршіл-әкімшіл Кеңестік жүйеден кейін, Қазақстанның қайта түлеуінің бастауы деп атап көрсете аламыз. Желтоқсан оқиғасы – ұлт санасынан өшпейтін, Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болып қала бермек!
Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.
Аружан Ерғонысова, 1 курс студенті
1986 ж. Алматыдағы желтоқсан көтерілісі: себебі, барысы, тарихи маңызы.
Желтоқсан көтерілісі-1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В.Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Республика басшыларымен , милиция әскери бөлiмдерiнiң,кауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлермен болған қақтығыстарда , кейбір еті тiрi қызба жiгiттердiң әдепсiздiк , шыдамсыздық,ағаттық танытып , ауыр сөздер айтып , бұзақылық керсеткенi , сондай — ақ куш көрсеткені , балағаттағаны,саперлік күректермен ұрып – соққан,бранебойдан су шашқан,әртүрлі арандатушы кимылдар жасаган , тәртіп сақшыларына , курсанттарға , әскери адамдарға бағынудан бас тартып тіл тигiзiп , төбелесуге дейiн барғаны , плиталардың сынықтарын лақтырып , оларға қатты қарсылық жасағандары шындық. Демократияны , жариялылықты , пiкiрдiң әр түрлiлiгiн және тіл мәселесiн дұрыс шешуді , сондай — ақ Республика басшысын жергілікті кадрлерден тағайындауды талап еткен . Орталықтың шешiмiне карсы бағытталған қазақ жастарының iс-қимылдарын басып — жаншу үшін Мәскеу арнайы шешiм кабылдайды. Алматымен телефон байланысын үзiп тастап, » Құйын — 1986 » операциясы басталады . Жастардың шеруiн,іс-қимылдарын катаң жазалау үшін,бүкіл Одақтан жиналған әскердiң санымен , іске асқан операцияның көлемi адамды таңқалдырады . Сiбiр эскери училищесенiң арнайы мiндеттi орындайтын отрядтары сондай-ақ жергiлiктi шегары училищесінің және кілең орыстардан тұрған дружиналар жиналады.
Алматыда төтенше жағдай жарияланады.Алматының төңiрегiне 50 мыңнан астам жалпы саны бар Орта Азия, Мәскеу Ленинград,Новосибирск және тағы басқа әскери округтерден және әскери – теңіз-флотынан IIM-нің ішкі әскерибөлімдерді,АВОКудің курсанттарынан тұратын әскери топ шоғырланды. Тек бүлiкшіл Алматы ғана емес,тiптi Шевченко ( Ақтау ) портынын шығанағы және оған келетін жолдар Каспий Әскери флотилиясының кемелерімен,катерлерімен қоршап тастады.Жастар қозғаласы ipi қалаларда-Қарағандыда,Жезқазғанда,КөкшетаудаЦелиноградта,Талдықорғанда және кішігірім елді мекендерде-Қарқаралы,Сары-Өзек және т.б жерлерде орын алды.Алматыдағы қазақ жастарының толқуы аса қатаң басып жаншулармен аяқталды.Қызыл империя өзінің жалмауыздық пен сұрқиялық мәнін айқын ашып көретті.
Желтоқсаншыларды ұрып — соғып , намысына тиген адамгершiлiкке жатпайтын iс — кимылдар жасап лауазымдарын жоғарылатқан сұмырайлардың аты — жөнiн , ата — тегін атап — атап газет — журналдарға , теледидарға жария қылса , жазаланғаулардың өздерi , туыстары разы болар еді . Бейтарап , әрi келiсiмпаз көзқараста болған , маңызды шешiмдердiң қабылдауында , оқиға барысына және одан кейінгі өріс алған жазалау науқанына ықпал етуден өзін аулақ ұстаганы үшін жауапкершілікті , Қазақстанның партия және кеңес басшылығы , өкiметi , партияның орталық комитетінің хатшылары мен бюросы , партия аппараты тең бөлiсуi қажет екендiгiн , комиссия атағанда әділетті болар еді . Заңсыздыққа барған , қазақтарды бiр — бiрiне айдап салған,саяси және қоғамдык салада басшылық қызметте болған айыпты адамдардың аты — жөнi , сол сияқты , адам өлiмiне , басқа да ауыр зардаптарға себеп болған . Республика басшыларының,құқық қорға,сот,прокуратура, қауiпсiздiк комитетi мен ішкі істер министрлiгiнiң басшыларының да аттары аталмаған . Желтоқсан козғалысы ұлт — аззатық козғалыс тарихында ерекше орын алады . Бұл ұлттык рухтын жангыру,кайта түлеу кезеңiнiң басы болды. Ұлт азаттық қозғалыс жаңа сатыға көтерілді.Ол бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етiп ұлттық сананы өсiрдi ұлттық рухты жандандырды.
1987 ж . шілде айында КОКП — ның Орталық комитеті , 1986ж . желтоқсан окиғаларына «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген сипаттама бергені белгiлi . 1990 ж . мамыр айында КОКП — ның Орталық Комитетінің саяси Бюросы, «қазақ ұлтшылдығын» айыптаған қаулының күшін жойып,өз шешімін өзгертті.Қазақ жастарының Желтоқсан көтерiлiсi КСРО — дағы ұлттық демократиялық козғалыстың алғашқысы болды. Желтоқсан қозғалысы Қазақстанды жаңа әлемдiк кеңiстiкке алып шыкты . Бұл қозғалыс Одақ көлемiнде жалғасын тапты . Одақтын кұлдырауына,ыдырауына әкелді . Республикалардың мемлекеттік егемендiгiнiң жариялауына мол мүмкіндіктер берді . Сөйтіп , Қазақстан Желтоқсаны Республика шеңберiнен шығып , Еуразиялық сипат алды . 1986ж . Алматыдағы Желтоқсан көтерiлiсi әлемдiк қауымдастықты тебіренттi . Желтоқсан құрбандарын қорғауда Чехословакияда «Адам құқығын қорғау жөнiндегi» , «Хартер — 77» , Варшавада «Бостандық және бейбiтшiлiк Одағы » кұрылады .Желтоқсан идеясынан ұрықтған , қанағаттанған «Невада — Семей «, «Азат», » Желтоқсан», «Әділет» социал – демократиялық партиялары, студенттердің тәуелсiз одағы.Республикадағы адам құқығы жөнiндегi қоғамдык комитет Арал,Балхаш және Қазақстан экологиялық қоғамдық комитет , » Мемориал » , » Шаңырақ » , » Жерұйық ұйымдары » , » Қазақстан мұсылман әйелдерi лигасы » т.б. ұйымдар желтоқсан козғалысына карсы бағытталған реакцияның әрекетіне үзілді — кесілді қарсы шықты , оның трагедиясын зерттеуді талап еттi.1986ж . Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Горбачев бастаған қайта құру реформаларына жасалған алғашқы сынақ деуге болады.
Сілтеме:Википедия сайты,Қыздарбеков Бірлік «Қазіргі заман тарихы» кітабынан дереккөздер алынды.
Достарыңызбен бөлісу:
1980 жылдардың ортасына қарай Коммунистік ұлыдержавашыл аппараттың кеңес қоғамын дағдарыстан алып шығуға қабілетсіз екендігі белгілі болды. 1985 жылы наурызда КОКП-ның басшылығына М.С.Горбачев бастаған жаңашыл топ келді. 1985 жылдың сәуір пленумында әлеуметтік-экономикалық дамудың жеделдету бағыты қабылданды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП-ның ХХYII съезі жаңа саясат жүргізудің негіздерін айқындап берді. Қысқа мерзім ішінде экономикада тежеуші факторларды жою, ҒТП-ны жеделдету, адамдардың тұрмыс деңгейін көтеру, саяси даму саласында демократиялық ұстанымдарды енгізу, сайлау жүйесін өзгерту, халықтың саяси белсенділігін арттыру, партия мүшелерінің моральдық келбеті мәселелері де айтылды.
Қайта құру мен қоғамды демократияландыру үдерісіндегі қадам 1987 жылы жасалды. М.Горбачев кеңес қоғамы дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Сталинизмнің жан түршігерлік қылмысты әрекеттері жайында ашық айтылды. Алайда КОКП басшылығы қайта құруды баянды ете алмады, көптеген жолсыздықтар мен заңсыздықтарға жол берді. 1986 жылдың желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде республикада қоғамдық-саяси даму бағыттарын қозғаған реформалар болған жоқ. Бұл жағдай Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен – бір күнде ауыстыра салу әрекетіне итермеледі.
40 жылдан астам Қазақстан үкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған дарынды қайраткер Д.А.Қонаев (1912-1993ж.ж.) КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшелігіне дейін көтерілді. Д.Қонаев тұсындағы қол жеткен жетістіктер: табиғи байлықтарды игеру кең ауқымда жүргізілді, ауыр өнеркəсіп өсу үстінде болды, ұлт зиялы қауымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді.
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында ұйымдастыру мəселесі қаралды. КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбин тағайындалды (1986-1989).
Г.В.Колбин Грузияда республикалық партия ұйымының екінші хатшысы, Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. Орталық баспасөз “ұлтаралық қатынастар мəселелерін жақсы білетін маман” деп жазып жатты.
Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нəтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына əкеп тіреді. Қоғамдық-әлеуметтік, мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселесінің шиеленісуі жастарды ашық қимылға еріксіз алып келді. Басшылықтың ауыстырылуы жаппай наразылықтың шығуына түрткі болды.
1986 жылғы 17 желтоқсанда Алматыда Брежнев атындағы алаңда жаппай толқу басталды. Жиналғандар орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне наразылық білдірді. Лениндік ұлт саясатының дұрыс жүргізілуін, республиканың егемендігін сыйлауды, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі келтірмеуді, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді талап етті.
Брежнев атындағы алаңдағы шеру бейбіт жəне саяси сипатта болды.
18 желтоқсанда сағат 13-те алаңға əскери училищенің жеке құрамасы енгізіліп, Орталық Комитет үйі қоршауға алынды.
КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара училищесінің курсанттары ерекше қатыгездік көрсетті. “Бұрқасын-86” атты құпия жедел жоспар жасалды. Ол жоспар бойынша жастарға қылмыскер немесе ұлтшыл деп айдар тағып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуге мүмкіндік алды. Бұл жоспар кейіннен әдейі құртылып жіберілгені белгілі болды. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, өрт сөндіруші машиналар, бронды транспортерлер пайдаланылды. Ұсталған жастарды аязда бірнеше сағат бойы қар үстіне жатқызды. Жастарды қаладан алысқа əкетіп, жұқа жəне су киімдерімен түнгі аязда ұстады.
Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін, аса қатыгездікпен және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды. Желтоқсан оқиғаларын тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов Швеция мен Англияның университеттерінде оқыған дәрістерінде көрсетілген мәліметтер бойынша: 8,5 мыңға жуық адам ұсталып, жаза тартты. 1720 адам жарақат алды. 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам жұмыстан қуылды. Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. 246 студент оқудан шығарылды.
Желтоқсан құрбаны – Қайрат Рысқұлбеков, Алматы архитектура құрылыс институтының студенті. Оған “жасақшы С.Савицкийді өлтірді” деген айып тағылды. Құқық қорғау жүйесінің 5 қызметкері “кісі өлтірушіні тез тапқаны үшін” марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Қайраттың өлім жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды. Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның, АҚШ-тың қоғам қайраткерлері мен зиялыларынан қарсылық хаттары келіп жатты. Қайрат абақтыда жұмбақ жағдайда қаза тапты. Желтоқсан оқиғалары алғашқы күннен бастап халыққа бұрмаланып түсіндірілді. Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі М.С.Соломенцевтің нұсқауы бойынша бұл оқиғаларды “Маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату əрекеттері” деп түсіндірілді.
1986 жылғы Алматы оқиғалары қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі. Желтоқсан оқиғалары Кремль әкімшілігінің саяси мәдениетінің мейлінше төмендігін айқындады. Кәсіпорындарда темір таяқтармен, шынжырлармен қаруланған 16 мың адамнан тұратын жасақты орыс және өзге славян ұлтынан құру арқылы компартия басшылары екі ұлттың – қазақ пен орыстың арасына сына қағып, дүрдараздық психологияны өршітті. Желтоқсан оқиғалары кейінгі кезеңде экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне себеп болды.